60 жыл сақталған ақын Сара бейнесі елге келді. Бірақ… – «Білім шапағаты»
…Адаммын менде сондай ұқыбы жоқ,
Құр тілді санап жүрген көңілге тоқ.
Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,
Ұмытылып қалар Сара құр аңыз боп…
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы дамыған асыл қазынасын жарыққа шығармай жаңа қоғамға қол жеткізу мүмкін еместігін Елбасының өзі айтып, түрлі мақалалар жолдады. Тарих қойнауындағы рухани мұраны игеру, ауыз әдебиетіндегі орны биік тұлғаларды насихаттау, оларға қатысты баға жетпес құндылықтарды іздеп тауып, жинап, жариялау, бүгінгі ұрпақ игілігіне жарату — баршаға ортақ міндет. Осынау маңызды міндетке бей-жай қарамай, үлкен жауапкершілік танытып келе жатқан азаматтар ісіне тәнтіміз.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Нақ-Бірлік» қоғамдық қоры құрылтайшыларының шешіміменен оның төрайымы Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаева ресейлік әйгілі сәулетші Маргарита Ващенко сомдаған ақын Сараның 3 бейнепортреті мен Біржан — Сараның айтысы өткен (1871) «Тоғызқұмалақ» бөктерінің көріністері суреттелген барлығы 13 дана туындыны, Шәкәрім Құдайбердиев пен Шоқан Уәлихановтың шағын бюсттерін және басқа да құнды құжаттарды елге әкелу үшін жолға шығады.
дереккөз
Ресейге аттанып бара жатқан азаматтарға 7 тамыз күні ақ батасын берген,Алматы облысының Құрметті азаматы, Жетісу анасы атанған, Маргарита Ващенконың үзеңгілес замандасы Бәтима Есболатқызы: «Ұзақ жолға кетіп бара жатырсыздар,Құдайым ақ жол болсын. Барлық істеген істерің іске асып, Москвадан қуанышты хабармен оралыңдар. Амандық, денсаулық тілеймін. Бұл үлкен жұмыс. Осыны жүзеге асырсаңдар Сараның әруағы қолдасын! Қазақтың намысын қолға алып жүргендеріңе рахмет айтамын! Адам кетеді, бұл құндылықтар ұрпаққа қалады» — деп шығарып салды.
Енді осы оқиғаның тарихына үңілсек, Мәскеу қаласында оқып, білім алған Маргарита Ващенко 1955-1960 жылдары Талдықорған облысының бас архитекторы болған.
Жетісу жерінде небәрі бес жылын өткізген сәулетші сол кезеңнің күн көсемі саналған Лениннен бастап көптеген қазақ тұлғаларының мүсіндерін сомдады. Айшықтысы — облысымыздың Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров, Талдықорған қаласындағы облыстық мұражайында орналасқан Ғани Мұратбаев, Кербұлақ ауданының Шанханай ауылындағы Шоқан Уәлиханов пен Қапал өңірінің Абай (қазіргі — Көшкентал) ауылындағы ақын Сара мүсіні. Ол Сараның бейнесін оның көзін көрген замандастары Дүрия Әбілазова, Зағипа Бектасова, Өтепберген Ақылбековтың сипаттауынша салыпты. Бүгінде ортамызға оралған Сара портреттері мен Қапал өңірінің тарихи орындары бейнеленген пейзаждар сәулетшінің 60-шы жылдардағы еңбегінің жемісі. Маргарита Маркиановна Қазақстаннан Ресейге қоныс аударғанымен, көп жылдар бойы Абай колхозының партия хатшысы Амантай Смағұловпен байланысын үзбей, мүмкіндігіне қарай қонақ болып, келіп-кетіп жүреді. Көзінің тірісінде осы құндылықтарды қазақ жеріне жеткізе алмаған ол, 2005 жылы дүниеден өтер шағында еңбектерін қызы Гелияға аманаттапты.
дереккөз
Гелия Тимофеева анасының аманатына қиянат жасамай, суреттерді сақтап, ұрпағына табыстаудың жолдарын іздестіреді. Өкінішке орай, Қазақстанға жазған хаттары жауапсыз қалып отырған. 2011 жылы Гелия Алексеевна бұл кезде дүниеден өткен Амантай Смағұловтың қызы Гүлнәрға хат жолдап, анасының туындыларын сый ретінде қабылдап, еліне алып кетуін өтінеді. Алайда, араға алты жыл салып, биыл ғана облыс зиялыларының атсалысуымен, Бауыржан Оспанов сынды меценаттар мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен құндылықтар елге жеткізілді.
Олай дейтінім, бүгінде осынау қол жетпес қазынамыз Салтанат Меңлібаеваның шаңырағында сақтаулы. Көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап қайттық. Иә, әзірше, оны тамашалау бақыты біз сияқты бірлі-жарым адамға ғана бұйырып тұр.
Тірі болса желтоқсанның жетісінде 110 жасқа толатын сәулетші, мүсіншінің Сараның өміріне ғашық болуы, оны өз ұрпағының бойына сіңіріп, оны да қазақ өнеріне табындыруы тегіннен-тегін емесі анық.
Қазақтың ақын қызының бойындағы тапқырлық, парасаттылық, мәдениеттілік, білімділік пен біліктілігіне қызығушылық танытып, өле-өлгенше Сара бейнесін тарихта қалдыруға атсалысқан Маргарита Ващенконың еңбегіне неге сүйсінбеске? Неге насихаттамасқа?
Қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаев Маргарита Ващенкомен 80-ге таяған шағында арнайы барып кездескен екен. «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Сара бейнесінің жасалуы» мақаласында сәулетшіні:« Біздің қарсы алдымызда аласа бойы сәл еңкіш тартқан, өткір жанарлары әлі де тая қоймаған әлсіз кемпір тұрды. Жылдар тізбегі бет-ажарына өз іздерін салса да, инабаттылық пен жеке бастың жылдар бойына жинақталған мәдениеті терең әжімдер арасынан жылы шырай беріп тұр »,- деп суреттейді.
Осы кездесуінде ол сәулетшіге «Москвалық тәрбиенің,табиғаттың адамын қазақ даласы несімен баурап алды екен? » деген сауал қояды.
«-Экзотикасымен! Кішінің үлкенді сыйлайтын тәрбиесімен! Әрине, дала романтикасы кез келген еркіндікті сүйген адамды тұтқын етері анық қой. Мен де сол, Орта Азияға шеккен бір сапарымда осы «тұтқынға» түстім. Мен қазақ даласын, халқын, оның этнографиясын, мәдениетін тереңірек білгім келді. Сондықтан да, тыныштау жатқан жерге барған едім деп, жазушыны өз жұмыс бөлмесіне шақырады. Ол жерден қазақ даласының ой-еркі мен арман-мұңын жинаған Шоқан бейнесі мен қазақ сахарасының патриархалдық тұрмысында азап шеккен ғана емес, сол даланың,халықтың еркіндігінен де кәусар сезімді бойына үйірген Сара образын көреді. «Қалың гипс ақын қыздың нәзік бет-ажарын қылаң етер сезімнің ұшқынымен өрнектеген.
«Біздің ұғымымызда Сара феодалдық қоғамнан әбден зәбір көрген адамның мұңлық кейпінің жиынтық бейнесі еді. Қазақ тілін білмесеңіз де Сара образының нәзік пернелерін қалайша дәл таптыңыз» деген сауалға
«Сара бір халықтың маңдайына біткен бақыты ғой.Тарихқа қарасақ, тіпті европалықтарда өнер мен әлеуметтік жүк арқалаған әйел заты онша көп емес.
Мен ақын Сара образына Шоқан жайында материал жинап жүрген кезде жолықтым. Жетісу өңірінің адамдары, ақын қыз жайлы құлақ құрышын қандыра әңгімелеуші еді. Кейіннен, өлеңдерінің мазмұнымен таныстым. Шоқанның ескерткішін орнатып болған соң, біржола Сараға ден қойдым. Алғашқы қиындық — Сараның суретінің сақталмауы еді. Бірақ, Сараның құрбылары, Сараның көзін көрген адамдар көп көмектесті. Ұзақ кештерде солардың суреттеуімен бірнеше эскиздер жасалды.Тек бір жылдан соң ғана бейнесі әзірленіп, 70-ші жылдардың басында ауыл ақсақалдарының құптауымен Қапал аудандық атқару комитеті Сара бейнесін менің нұсқамда қабылдады.
80-ге таяса да қолынан бояуы мен керекті құралдарын тастамаған кішкене ғана адамға назар аударып, қараған қаламгер «Апыр-ау, үлкен өнерге үнсіз ғана өз қолтаңбасын қалдырып жүрген ұлы музаның мыңдаған құлдарының бірі екен-ау. Моцарттармен қатар жүрген Сальериге айналмаған, өнерге қызмет қылудың биік үлгісін көрсеткен жан ғой. Тәңірім осылардың творчестволық ғұмырын ұзарта түссе!» деп, сүйсінеді.
«Өзіңіз де түсінерсіз, Қазақстаннан кеткеніме де біраз жылдар болды. Уақыт та есесін жіберер емес. Мен жасаған мына Сара мүсіндері кейін қараусыз қала ма деймін. Ақын ауылынан, мектебінен мүсінді алам деушілер болса, тегін-ақ берер едім. Сара образы қазақ балаларының эстетикалық талғамдарынан шығар деп ойлаймын. Тек, оған қызығушылар табылса болғаны» деп үнсіз қалады.
Араға біраз уақыт салып, жазушы Маргарита Маркиановнадан «Сара мүсінін сұраушылар бар ма екен? Біле алдыңыз ба?» деген хат алады.
Осы мақалада ол «Әдебиетшілеріміз бар, ғалымдарымыз бар ауыз толтырарлық қоғамдық пікірді сол бір аты аңызға айналған қазақ қызы жайында қалыптастыра да алмай-ақ қойдық-ау. Тіпті, қазақ әйелінің бүгінгі бет — пердесіне, сана — нанымына сыналап енгізер идеялар Сара жерленген қара жер астында үнсіз жатқаны да ойландырмайды-ау бізді»,- деп жанайқайын жазып кетті.
Жетісудің қарт журналисі Камал Әбдірахманов өткен жылы Abai.kz «Ақын Сара атаусыз қала ма?» деген мақаласын жариялады. Онда «Ғалымдар, жұрт жайын ойлайтын ақындар мен жазушылар Талдықорғанда қашан да мол болушы еді. Бұл ағайындар неғып үнсіз жатыр? Ақын Сараның шығармашылығы мен ғұмырына арнап кең көлемді ғылыми-танымдық мәслихат ұйымдастырып, ондағы баяндамаларды жеке кітап етіп шығарса» — деген ойын айтты.
Ілияс Омаров 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Ақын Сара» атты мақаласында ғылыми зерттеулердің әдісі туралы «Кейде біз ел арасына іздену экспедицияларын жіберуді мезгілі өткен іс деп санаймыз.
дереккөз
Салтанат Меңлібаева, «Нақ-Бірлік» қоғамдық қорының төрайымы:
—Біз құндылықтарды тамыз айында алып келдік. Мұнан соң, облыс әкімі Амандық Ғаббасұлына облыстың Құрметті азаматы Бәтима Есболатқызымен өз атымнан арнайы хат жолдап, Мәскеуден жеткізілген құнды жәдігерлердің тұсаукесерін өткізіп, мемлекеттік қорға алынуына ықпал етуді сұрадық. Қосымша, келер жылы аталуы тиіс ақын Сараның мерейтойына байланысты бірқатар өтініштерімізді де жолдадық. Жауап күтіп отырмыз.
дереккөз
Жанар Кольбачаева, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы:
—Бұл шара рухани тұрғыдан алғанда шынымен де теңдесі жоқ. Ішкі сезімімді, алған әсерімді айтып –жеткізе алар емеспін. Өйткені, бұл үлкен толғаныс! Сарадай ірі тұлғаның образын кезінде сомдап, қағаз бетіне түсірген керемет талантты әйелдің ісін араға қаншама жылдар салып еліне жеткізу, менің ойымша, тарихи құбылыс. Біз, кейінгі толқын, Сараның ізін жалғастырушы ұрпақ ретінде қатты толғанып отырмыз . Бүгінгідей шараға куә болғаныма өте қуаныштымын. Және бұл үлкен істің бастамасы деп ойлаймын. Жалғасы болатынына сенімдімін. Бәтима Сақауова сынды «Жетісу анасы» атанған ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасы қабыл болды. Ол кісілерге және осында келіп отырған шәкірттеріне мың алғыс айта келе, Елшіліктің атынан оқиғаға мұрындық болған барша азаматтарға рахмет айтамын. Біз өз тарапымыздан қазақ жұртының маңызды шараларына көмек қолын созуға қашанда әзірміз.
Гелия Тимофеева,сәулетшінің қызы:
—Мына портреттер мен табиғат суреттемелерін анам Қазақстанда жүрген кезде салып, Москваға қоныс аударғанда ала келіпті. Анам 2005 жылы қайтыс болды. Мен ол кісінің барлық еңбектерін көзімнің қарашығындай сақтадым. Оларды анамның аманаттауымен Қазақстанға қайтаруды міндетім санадым.Сондықтан да, басында хат жазыстық, кейіннен Салтанатпен телефон арқылы тілдесіп, осында шақырдым. Мен мәңгілік емеспін ғой. Құндылықтарды сыйлық ретінде әр елдің өзіне қайтаруды анам аманаттап кеткен. Бірқатары Ресейдің қалаларына тапсырылды. Қолымдағы дүниелер сіздерге тиесілі болғандықтан, парызымды өтеп отырмын.
1993 жылы Талдықорған облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары Мәриям Айтбайқызы Байқанова Сара Тастанбекқызының мерейтойында тебірене сөйлеп, «Өз ауылының шеңберінен көп шықпаған жас қыздың бойынан осынша өткірлік, байсалдылық пен өжеттік,ой ұшқырлығы таңдандырады да табындырады. Сара творчествосы, өмірі мен өнері әлі талай ғалымдардың еңбегіне арқау болады. Келешекте Сара апамыз біз білмеген басқа да қырларынан көрінеді деп ойлаймын. «Біржан-Сара «операсын жазып, ақын Сараны үлкен сахнаға шығарған жетісудың төл ұлы Мұқан Төлебаевтың атын, Сараның ариясын алғаш орындаған халқымыздың бұлбұл қызы Күләш Байсейітованың атын бүгінгі тойда зор мақтанышпен атағым келеді. Ақын Сара, дүлділ Сара, сұлу Сараның өмірі мен өнерінің ұлттық санамыздан өз орнын алып, халық игілігіне айналуына күшін, жігерін аямаған, Сараның өзін көргендермен әңгімеден бастап, өлең шумақтарын жазып алып, мүсінін жасатып, басына кесене тұрғызған аяулы азаматтар: Тәңірберген Қалилаханов, Сайлаубай Қайнарбаев, Маргарита Ващенко, Егеубек Далбағаевтың еңбектерінің алдында Жетісу халқының атынан алғысымызды айтып, бас иеміз. Сара жолын қуған өнерпаз жастарымыз көбейе берсін! Сара Тастанбекқызы жырлаған береке — бірлігіміз, татулық-ынтымағымыз арта берсін!» деген еді.
дереккөз
Аруаққа тағзым ету сонау ғұн бабалардан жалғасып келе жатқан дәстүр. Осы дәстүр үрдісімен жуырда танымал қоғам қайраткері, Ақсу ауданының Құрметті азаматы , 1989 жылы М.Ващенкомен көзбе-көз жүздескен Гүлша Тәңірберген қызы , Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева, Салтанат Меңлібаева ақын Сараның зираты мен ескерткішіне тәу етіп, мұражайындағы атқарылып жатқан шараларға куә болып қайтуды көздеп Ақсу, Қапал өңіріне сапарлапты. Ақын апамызды мәңгілік есте қалдыру мақсатында сонау Ресейден тарихи жәдігерлерді елге жеткізген Салтанат Дәулетханқызы сол тарихи орындардың қазіргі жағдайын жыламсырай отырып, әңгімелеп берді. «Көшкентал ауылындағы Маргарита Ващенконың қолымен жасалған, Ресейдің Мытыщев зауытында құйылып, 1971 жылы бой көтерген еңселі ескерткіш бүгінде қараусыз қалған. Күтім көрмегеніне де біраз жыл болғандай. Маңайы мал соқпағына айналған. Ақын Сараның Біржанмен айтысы өткен әйгілі Тоғызқұмалақ төрінде орнатылған естелік құлпытас көз тартар көркінен айырылған. Көтеріліп барған көңіліміз су сепкендей басылып қайттық», — дейді.
Елбасы айтқандай «Тарих толқынындағы халықпыз» сондықтан да, өткенді білмей-өсу мүмкін емес. Жоғымызды түгендеп, барымызды бағалай алған кезде ғана халқымыздың баға жетпес рухани дәстүрі әлемнің өнер қазынасына қосылары анық. Өшпес құндылықтарды жас қауымның құлағына сіңіру, насихаттау бүгінгі мен болашақтың сан буынын тәрбиелейтін ұлт байлығы.
Мақаланы әзірлеу барысында ақын Сараның дүниеге келгеніне 165 жыл толу қарсаңында орын алған осынау оң оқиғаға қатысты Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиевпен хабарласып, сұрағанымызда желтоқсан айында атқарылар шаралар жоспарына енгізілгенін айтты.
Яғни, Жетісу жұртшылығы тұңғыш рет ақын Сара бейнесін жарыққа алып шыққан Маргарита Ващенконың туындыларымен танысатын күн де алыс емес деп ойлаймыз.
Торайгыров Университет
Ғылыми кеңесте 2021 жылдың 10 ақпанында (№7 хаттама) Жаңа Computer Science факультетін (информатика факультеті) құру туралы шешім қабылданды.
ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР:
Мамандандырумен бір Computer Science (CS) білім беру бағдарламасы енгізілуде.
Мамандандыру екінші семестрден басталады.
2021-2022 оқу жылында 1 қыркүйектен бастап іске қосылатын CS мамандандыруы:
CS: киберқауіпсіздік,
CS: бағдарламалық жасақтама,
CS: Веб-әзірлеу,
CS: DevOps-инженерия,
CS: Графика, кеңейтілген және Виртуалды шындық.
2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйектен бастап қосымша іске қосылатын CS мамандандыруы:
CS: Зияткерлік технологиялар,
CS: Big Data және деректерді талдау,
CS: Робототехника және интернет заттары.
Бағдарламалардың сипаттамасы:
CS: киберқауіпсіздік-Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін және деректерді жоғалту тәуекелдерін анықтайды, ақпаратты жоғалтудан қорғау үшін қауіптер мен шешімдерге қарсы іс-қимыл шараларын әзірлейді және енгізеді; деректердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді; IT-шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қатысады.
CS: бағдарламалық жасақтама – маман бағдарламалық жасақтаманы белгілі бір сапада, белгіленген мерзімде және алдын-ала белгіленген бюджет аясында жасайды, сүйемелдейді және енгізеді.
CS: Веб-әзірлеу-web-бағдарламалау саласындағы маман, веб-қосымшаларды әзірлеу
CS: DevOps-инженерия-әзірлеу және басқару бөлімдерін басқарады, сонымен қатар әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, олардың тапсырмаларын орындауды автоматтандырады, бағдарламалық өнімді құрудың барлық кезеңдерін синхрондайды.
CS: Графика, кеңейтілген және Виртуалды шындық — виртуалды және кеңейтілген шындықтың ақпараттық технологиялары мен бағдарламалық өнімдерін жобалау, әзірлеу, енгізу және қолдау.
CS: Зияткерлік технологиялар-зияткерлік жүйелерді дамыту: нейрондық желілер, ауылшаруашылық тану жүйелері, қызмет көрсету құрылымы, бизнеске арналған телеграм боттары.
CS: Big Data және деректер аналитикасы — математика, статистика, информатика, Информатика, бизнес және экономика салаларында білімі бар әмбебап маман (Data Scientist). нақты уақыт режимінде ақпараттық ағындарды қоса алғанда, барлық көздерден қажетті ақпаратты алыңыз және одан әрі бизнес-шешімдер қабылдау үшін оны талдаңыз.
CS: робототехника және Заттар интернеті-бағдарламаланатын логикалық контроллерлер, микропроцессорлар, ендірілген үлестірілген жүйелер және нақты уақыт жүйелері, робототехника құрылғылары мен жүйелері, заттардың өнеркәсіптік интернеті (IIoT) жүйелері негізінде технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін әзірлеу.
Оқу кезінде қосымша мамандандыруды (minor) таңдауға болады (ТЕГІН).
2021-2022 оқу жылынан бастап:
— Графика және дизайн,
— Веб-бағдарламалау,
— Толықтырылған және Виртуалды шындық,
— SMM & SEO ,
— Бейнепродакшн.